Конституциялық реформалар және жастардың құқықтық мәдениеті
Тұрақты даму мақсаттарының 16 “ Бейбітшілдік әділдік және тиімді институттар” мақсатын жүзеге асыру аясында
2026 жылдың 6 ақпанда Алматы қаласы музейлер бірлестігінде конституциялық реформаларға арналған ашық сұхбат өтті. Іс-шара барысында елдегі Конституцияға енгізіліп жатқан өзгерістердің мәні, олардың қоғамдық санаға, азаматтық жауапкершілікке және әлеуметтік келісімге ықпалы талқыланды.
Ашық сұхбатқа шақырылған қонақтар Алматы қаласы мәслихатының депутаты, Мәдениет, спорт, ішкі саясат, дін және жастар жөніндегі комиссия төрағасы Құсайынов Бейбіт Болатұлы және Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Кеңесов Әкежан Бақытұлы қатысып, қатысушылардың өзекті сұрақтарына жауап берді. Кездесу диалог форматында өтіп, жастар тарапынан қойылған құқықтық және әлеуметтік мазмұндағы сауалдар кеңінен талқыланды.
Іс-шараға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының «Мәдениет KZ» клубының жетекшісі, аға оқытушы, докторант Кудерина Айжан Нурхамитовна, сондай-ақ клуб мүшелері — мәдениеттану мамандығының 1 және 2 курс студенттері және топ кураторлары ф.ғ.к.,профессор Аликбаева Маржан Башановна, ф.ғ.к.Каупенбаева Самал Мұхамедқалиевна, Phd, доктор Айтенова Альфия Аманжоловна, аға оқытушы Құдайбергенов Серғазы Ережепұлы , докторант Алшынова Әсел Болатқызы қатысып, студенттердің азаматтық және құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған пікір алмасуға ғылыми қолдау көрсетті.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты — қоғам мен билік арасындағы ашық диалог мәдениетін дамыту, жастардың азаматтық белсенділігін арттыру және олардың құқықтық санасын нығайту болды. Ашық сұхбат студенттердің конституциялық реформалар жөніндегі түсінігін кеңейтіп қана қоймай, олардың қоғамдық үдерістерге саналы әрі жауапты қатысуына ықпал етті. Бұл кездесу Тұрақты даму мақсаттары 16 аясында әділетті, ашық және сенімге негізделген қоғам құру жолындағы маңызды алаң ретінде бағаланады.
Басқа жаңалықтар