Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжі студенттерінің «Мен кәсіпкермін» Гранд турниріндегі жетістігіFarabi University

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжі студенттерінің «Мен кәсіпкермін» Гранд турниріндегі жетістігі

5 қараша, 2025

Алматы қаласы  колледждерінің   студенттері арасында  4.11.2025 жылы өткен  «Мен  кәсіпкермін» атты қалалық  Гранд турнирінің арасында  2 орын  алған   әл- Фараби атындағы Қазақ  Ұлттық университетінің колледжі студенттері:

1. Толысбай  Нұрсәт

2. Тұрымбек Жігер

3. Какімжан  Еркежан

Жоба  жетекшісі Нұрымбетова Құралай  Исламқызы   марапатталды.

Гранд турнирінің мақсаты мен міндеттері;

-  жас ұрпақтың  кәсіпкерлік бастамаларын қолдау және дамыты мақсатында;

-  студенттердің  үздік startup, бизнес-идея жобаларын  іске  асыру  мақсатында, олардың базасын құру мақсатында;

 -  колледж студенттері үшін конференция  мен  оқу семинарларын өткізу, студенттер арасында коммуникациялық байланысты дамыту мақсатында қарастырылған.

Келесі  ҚР Оқу - Ағарту  Министрлігінен ДИПЛОМ -,

«Мен  кәсіпкермін» атты Республикалық   Гранд турнирінде (  Россия, Қытай, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан  6 мемлекеттен 1500 ден астам қатысушылар қатысқан )арасында  2 орын  алған   әл- Фараби  атындағы Қазақ  Ұлттық университетінің  колледжі студенттері:

4. Толысбай  Нұрсәт

5. Тұрымбек Жігер

6. Какімжан  Еркежан

Жоба  жетекшісі Нұрымбетова Құралай  Исламқызы   марапатталды.

Ұйымдастырушылар; Алматы қаласы Білім басқармасы, Алматы қаласы  Кәсіпкерлер палатасы , «Салалық қауымдастықтар және кәсіптік білім беру ұйымдарының одағы» ҚБ, Халықаралық Бизнес Академиясының колледжі