ТДМ 4 және 17 аясында өндірістік (музейлік) практика өтіп жатырFarabi University

ТДМ 4 және 17 аясында өндірістік (музейлік) практика өтіп жатыр

19 қаңтар, 2026

2026 жылдың 19 қаңтарынан бастап Археология, этнология және музеология кафедрасының «Этнология және антропология» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері өндірістік (музейлік) практика аясында ҚР Ұлттық орталық музейінде тәжірибеден өтуде.

Іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының 4-тармағы – «Сапалы білім беру» аясында студенттердің кәсіби құзыреттерін дамытуға, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға бағытталған. Практика барысында студенттер музей қорымен жұмыс істеу, экспозициялық және экскурсиялық қызмет, тарихи-мәдени мұраларды сақтау мен насихаттау бағыттары бойынша практикалық тәжірибе жинақтауда.

Сонымен қатар практика ТДМ 17 – «Тұрақты даму үшін серіктестік» шеңберінде университет пен ҚР Ұлттық орталық музейі арасындағы ынтымақтастық негізінде ұйымдастырылып, білім беру мекемелері мен мәдени институттар арасындағы серіктестікті нығайтуға үлес қосты.

Өндірістік практика студенттердің музей ісі саласындағы кәсіби бағдарын айқындап, тарихи-мәдени мұраны зерттеу мен қорғау бағытында болашақ мамандардың практикалық дайындығын арттыруға мүмкіндік береді.