Конституциялық реформа: Қазақ мемлекеттік циркі ұжымымен кездесуFarabi University

Конституциялық реформа: Қазақ мемлекеттік циркі ұжымымен кездесу

9 ақпан, 2026

9 ақпан 2026 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының оқытушылары Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік циркі ұжымымен конституциялық реформаға арналған арнайы кездесу өткізді.

Кездесуге з.ғ.к., доцент А.Қ. Исабеков, PhD, қауымдастырылған профессор С.Х. Абдуллина және з.ғ.м., аға оқытушы Қ.Н. Алихан қатысып, жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын жан-жақты түсіндірді. Ұжым тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап беріліп, пікір алмасу алаңы қалыптасты.

Іс-шараға Қазақ мемлекеттік циркінің директоры М.М. Жаиков және директор орынбасарлары Т.А. Амиренов пен Н.С. Алтаев қатысып, өз көзқарастарын білдіріп, жаңа Конституция жобасын қолдайтындарын жеткізді.

Осындай кездесулер қоғаммен ашық диалогты нығайтып, құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.