Теңіз экожүйесін өндірістік әсерден қалай қорғауға болады
2026 жылғы 9 ақпанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің шетел тілдері кафедрасының аға оқытушылары — Махметова Д.М., Мулдағалиева А.А., Мырзахмет М.Ж., Луговская Е.И. және Несипбаева З.С. БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары аясында (ТДМ 14: Экожүйелерді сақтау) «Теңіз экожүйесін өндірістік әсерден қалай қорғауға болады» тақырыбында халықаралық тәрбиелік іс-шара өткізді.
Іс-шараға Химия және химиялық технология факультетінің бірінші курс студенттері қатысты. Іс-шара ағылшын тілінде гибридті форматта өткізілді.
Сонымен қатар іс-шараға халықаралық қатысушылар да қатысты:
1. Алина Базархан (Қытай, Гуанжоу қ., Дзинань университеті);
2. Валерия Шин (АҚШ, Нью-Йорк қ., Google компаниясы).
Іс-шара барысында қатысушылар теңіздер мен мұхиттардың өндірістік ластану көздерін және олардың алдын алу жолдарын талқылады. Әрбір қатысушы теңіз экожүйесін сақтау және ластанудың алдын алу бойынша өз ұсыныстарын ұсынды.
Басқа жаңалықтар