Студенттердің, магистранттардың ғылыми жұмыстарының I Халықаралық конкурсы
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ
«Қаржы және есеп» кафедрасы экономикалық мамандықтар бойынша
«Экономика, бизнес және цифрландыру мен жасанды интеллект дәуіріндегі тұрақты даму» тақырыбында студенттер мен магистранттардың
I Халықаралық ғылыми жұмыстар конкурсының өткізілетінін хабарлайды.
I Халықаралық студенттер мен магистранттардың ғылыми жұмыстар конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) келесі тәртіппен өткізіледі: қатысушылар жарияланған секциялар бойынша ғылыми жұмыстарын жолдайды:
-
Цифрландыру дәуіріндегі мемлекеттік реттеу және экономикалық саясат
-
Цифрлық экономика жағдайындағы бизнес, кәсіпкерлік және нарықтар
-
Цифрлық дәуірдегі әлеуметтік-экономикалық даму және еңбек нарығы
-
Бизнестің тұрақты дамуына қол жеткізу стратегияларын іске асыру мен тәжірибесін бағалау
-
Қазіргі әлемдік экономикадағы технологиялық дамудың салалық ерекшеліктері
-
Бизнесті цифрлық трансформациялау технологиялары мен құралдары
-
Қаржы және есеп саласындағы цифрлық технологиялар мен инновациялар
-
Жаһандану жағдайындағы салық салу және фискалдық саясат
-
FinTech және қаржылық-есептік процестердің цифрлық трансформациясы
Бірінші, екінші және үшінші орын алған жеңімпаздар дипломдармен марапатталады.
Қатысушылардың ғылыми жетекшілеріне сертификаттар табысталады.
Ғылыми жұмыстар ұйымдастырушыларға бір хатпен электрондық пошта арқылы жолдануы тиіс. Хаттың тақырыбында ЖОО атауы мен команда атауы көрсетілуі қажет.
Жұмыстарды қабылдау мерзімі: 25.02.2026 жылға дейін.
Электрондық пошта: finance.kaznu0@mail.ru
Байланыс тұлғасы: Мухаметжанова Жанар Сайлаубековна
Тел.: 8 707 559 12 12
Басқа жаңалықтар