«Студент және құқықтық жауапкершілік» атты жиналыс болып өтті.Farabi University

«Студент және құқықтық жауапкершілік» атты жиналыс болып өтті.

6 ақпан, 2026

2026 жылғы 6 ақпанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Студенттер қалашығы мамандарының ұйымдастыруымен №13 Студенттер үйінде «Студент және құқықтық жауапкершілік» тақырыбында жиналыс болып өтті.

Іс-шараның мақсаты – студенттерге құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіп пен ішкі ережелерді бұзудың салдары туралы түсіндіру болды.

Жиналысқа Химия және химиялық технология факультетінің әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі деканның орынбасары Жақсылықова Гүлбану Жақсылыққызы қатысып, студенттердің құқықтары мен міндеттері, құқықтық жауапкершіліктің түрлері жөнінде мазмұнды баяндама жасады. Сонымен қатар, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауап беріп, тәртіп пен жауапкершіліктің маңыздылығына тоқталды.

Кездесу барысында студенттер өз пікірлерін білдіріп, құқықтық мәселелер бойынша пайдалы ақпарат алды. Мұндай іс-шаралар студенттердің саналы азамат болып қалыптасуына үлкен ықпал етеді.