ҚазҰУ-дың Омбы филиалында Ашық есік күні өттіFarabi University

ҚазҰУ-дың Омбы филиалында Ашық есік күні өтті

10 ақпан, 2026

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Омбы филиалында болашақ талапкерлер мен ата-аналарға арналған Ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шара жоғары білім алуға ниетті жастар мен мамандық таңдауға қызығушылық танытқан қонақтардың басын қосты.

Ашық есік күні аясында қатысушылар үшін арнайы экскурсия өткізілді. Қонақтар филиалдың материалдық-техникалық базасымен, оқу аудиторияларымен танысып, университеттегі білім беру үдерісінің атмосферасын сезінді.

Іс-шара барысында филиалдың білім алып жатқан студенттері дайындаған «Халықаралық құқық», «Кеден ісі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламалары бойынша тақырыптық станциялар ерекше қызығушылық тудырды. Интерактивті форматта талапкерлер болашақ мамандықтардың ерекшеліктері, оқу үдерісінің мазмұны мен практикалық бағыты жөнінде жан-жақты ақпарат алып, өздерін қызықтырған сұрақтарға нақты жауаптар алды.

               

 

Сонымен қатар Ашық есік күніне қатысушылар қабылдау комиссиясының өкілдерімен тікелей байланысып, оқуға түсу талаптары, құжат тапсыру тәртібі және оқу мүмкіндіктері туралы толық мәлімет алды.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі