«Заң мен тәртіп: Заңды сақтау – қоғам алдындағы жауапкершілік» атты жиналысFarabi University

«Заң мен тәртіп: Заңды сақтау – қоғам алдындағы жауапкершілік» атты жиналыс

6 ақпан, 2026

2026 жылғы 6 ақпанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Студенттер қалашығы мамандарының ұйымдастыруымен №5 Студенттер үйінде « Заң мен тәртіп: Заңды сақтау – қоғам алдындағы жауапкершілік » тақырыбында танымдық жиналыс өтті.

Аталған шараның мақсаты – студенттерге құқықтық сауаттылықты арттыру, олардың қоғамдағы жауапкершілігін түсіндіру және заң талаптарын сақтаудың маңызын ұғындыру. Жиналыс барысында студенттердің күнделікті өмірінде жиі кездесетін құқықтық мәселелер талқыланып, заң бұзушылықтың алдын алу жолдары айтылды.

Жиналысқа Журналистика факультетінің әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі деканның орынбасары Данаева Нұрлыайым қатысып, студенттерге құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды. Ол өз сөзінде студенттің тек білім алып қана қоймай, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіне білуі қажет екенін атап өтті.

Кездесу барысында студенттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Мұндай мазмұнды шаралар жастардың құқықтық санасын қалыптастыруға және тәртіп бұзушылықтың алдын алуға үлкен үлес қосады.