Театр өнері арқылы сапалы білім мен тұрақты қоғамға қадамFarabi University

Театр өнері арқылы сапалы білім мен тұрақты қоғамға қадам

6 ақпан, 2026

2026 жылғы 06 ақпанда 1-курс этнология және антропология, әлеуметтік-мәдени антропология білім беру бағдарламаларының студенттері оқу-тәрбие үдерісін байыту және мәдени тәжірибені кеңейту мақсатында театрға барып, мәдени іс-шараға қатысты. Аталған іс-шара студенттердің мәдениетті әлеуметтік-мәдени феномен ретінде тереңірек түсінуіне, театр өнері арқылы қоғамдағы құндылықтар, дәстүр мен заманауи мәдени үдерістердің өзара байланысын зерделеуіне мүмкіндік берді. Театр кеңістігі студенттер үшін мәдени талдау, сыни ойлау және кәсіби көзқарас қалыптастырудың маңызды алаңына айналды.

Бұл мәдени-ағартушылық іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының бірқатар бағыттарымен, әсіресе ТДМ 4 – Сапалы білім беру және ТДМ 11 – Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар мақсаттарымен тығыз байланысты. Теориялық білімді тәжірибемен ұштастыру арқылы студенттердің гуманитарлық ғылымдарға тән аналитикалық қабілеттері дамып, өмір бойы білім алу қағидаты нығая түсті. Сонымен қатар, театр сияқты мәдени мекемелерге бару қалалық мәдени инфрақұрылымның маңызын түсінуге, мәдени мұраны құрметтеуге және қоғамның мәдени өміріне белсенді қатысуға ықпал етеді.

Іс-шара студенттердің кәсіби әлеуметтенуіне, мәдени жауапкершілігін арттыруға және болашақ антрополог мамандар ретінде қоғамды кешенді тұрғыда түсінуіне маңызды үлес қосты. Іс-шара кураторы — PhD, аға оқытушы Әбдінәсір Назира.