🌿 Құрлық экожүйелерін сақтау – қоршаған ортаны таза ұстау акциясыFarabi University

🌿 Құрлық экожүйелерін сақтау – қоршаған ортаны таза ұстау акциясы

10 ақпан, 2026

Университетімізде студенттер мен оқытушылардың қатысуымен «Құрлық экожүйелерін сақтау» тақырыбында қоршаған ортаны қорғауға бағытталған экологиялық акция өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, жасыл кеңістіктерді күтіп-баптаудың маңызын түсіндіру және табиғатқа жауапкершілікпен қарау дағдыларын дамыту.

Акция барысында студенттер оқу ғимаратындағы және университет аумағындағы бөлме өсімдіктерін күтіп-баптап, топырағын жаңартып, суару және тазалау жұмыстарын жүргізді. Бұл шара жасыл аймақтарды сақтау мен көбейтуге, сондай-ақ экологиялық сана мен тұрақты даму қағидаттарын насихаттауға бағытталды.

Іс-шараның кураторы – Базарбек Ж. П.

Осындай бастамалар студенттердің табиғатқа жанашыр көзқарасын қалыптастырып қана қоймай, университет қабырғасында экологиялық жауапкершілік мәдениетін нығайтуға ықпал етеді.

🌱 Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз!