"Ғасырдың ақиық ақыны"Farabi University

"Ғасырдың ақиық ақыны"

9 ақпан, 2026

9 ақпанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Филология факультеті, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы қазақ тіл білімі кафедрасы, Қазақ филологиясы мамандығының 104-топ студенттерінің ұйымдастыруымен Мұқағали Мақатаевті еске алуға арналған "Ғасырдың ақиық ақыны" атты әдеби-эстетикалық басқосу өтті.

       Іс-шарада Мұқағали Мақатаевтің өмірі мен шығармашылық жолына шолу жасалды.

Мәнерлеп оқу шеберлері түрлі тақырыпта жазылған ақын жырларымен сусындатты. Ақиық ақынның жастар арасында танымал махаббат тақырыбындағы өлеңдері көрермен көзайымына айналды.

Топтың талантты ақындарының өлеңдерінен соң, "Мен деп ойла", «Сенің көзің» әндері Дүйсенбек Ақеркенің орындауында шырқалды. Әдеби-эстетикалық іс-шараның соңына қарай студенттер әндерді хор түрінде орындады.