Сапалы білім (ЦУР 4) аясындағы мәдени іс-шараFarabi University

Сапалы білім (ЦУР 4) аясындағы мәдени іс-шара

11 ақпан, 2026

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінде ақпан айындағы мәдени-танымдық іс-шаралар жоспарына сәйкес студенттердің рухани дамуына бағытталған мәдени кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара ЦУР 4 – «Сапалы білім» мақсаттарына сәйкес жүзеге асырылды, яғни студенттердің жан-жақты дамуына, тұлғалық және кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға бағытталды.

Шараға 2-курс «Интеллектуалды басқару жүйелері» білім беру бағдарламасының студенттері қатысты. Куратор - Дина Байжанова.

Іс-шара аясында студенттер Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры сахналаған Г. Хугаевтің «Қара шекпен» қойылымын тамашалады. Қойылымда адалдық пен сатқындық, мейірім мен қатыгездік, ар-ұят пен жауапкершілік секілді адамгершілік құндылықтар терең философиялық мазмұнда бейнеленді.

Аталған мәдени кездесу студенттердің дүниетанымын кеңейтіп, болашақ инженерлер мен IT мамандары үшін рухани-адамгершілік ұстанымдардың маңызын айқындады. Мұндай бастамалар білім алушылардың кәсіби даярлығымен қатар тұлғалық дамуына да оң ықпал етеді.