Ашық есік күніFarabi University
Референдум 15 марта

Ашық есік күні

12 желтоқсан, 2025

2025 жылдың 12 желтоқасанында Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті, оның ішінде шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының 40 жылдық мерейтойына орай «Ашық есік» күні өтті. Аталмыш іс-шараға факультет пен кафедра құрылған жылдары еңбек еткен ардагер-оқытушылар және шетелдік тыңдаушылар мен қонақтар қатысты. Ашық есік күніне келген қонақтарға факультет пен кафедраның тарихы, оқу бағдарламалары мен мүмкіндіктері таныстырылып, шетелдік студенттердің жетістіктері көрсетілді. Сонымен қатар факультетте 40 жылға жуық еңбек етіп келе жатқан ұстаздар, бірнеше жыл бұрын бітіріп кеткен шетелдік және қандас түлектер мен басшылар факультеттің 40 жылдығымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Қатысушылар арнайы ұйымдастырылған таныстырылымдарды көріп, шетелдік студенттер ұсынған концерттік бағдарламаны тамашалай алды. Іс-шара факультеттің көпжылдық тәжірибесі мен халықаралық беделін тағы бір мәрте көрсетті.