Қазақ тілін шет тілі ретінде оқытуға арналған оқу материалдарын дайындаудың лингводидактикалық тәсілдеріFarabi University
Референдум 15 марта

Қазақ тілін шет тілі ретінде оқытуға арналған оқу материалдарын дайындаудың лингводидактикалық тәсілдері

15 қазан, 2025
5-Еуразия мәдени дипломатия мектебі аясында «Қазақ тілін шет тілі ретінде оқытуға арналған оқу материалдарын дайындаудың лингводидактикалық тәсілдері» және «Халықаралық білім және болашақ дипломатиясы: мәдениаралық байланыс сабақтары» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға кафедраның оқытушылары белсене қатысып, өз баяндамаларын ұсынды.
Дөңгелек үстел барысында қазақ тілін шет тілі ретінде оқытудың заманауи әдістемелік бағыттары, оқу материалдарын әзірлеудегі инновациялық тәсілдер және мәдениаралық коммуникацияның білім беру үдерісіндегі маңызы талқыланды. Іс-шара қатысушылардың тәжірибе алмасуына және халықаралық деңгейде тіл мен мәдениетті танытудың өзекті мәселелерін қарастыруға мүмкіндік берді.