Ғылыми негізделген болжамдарFarabi University

Ғылыми негізделген болжамдар

12 ақпан, 2026

Жаңа Конституция жобасы – болашаққа ұмтылған прогрессивті құжат. Оның негізінде адамға бағдарланғандық. Жобада Қазақстан Республикасының адам капиталын дамытуды мемлекеттік қызметтің стратегиялық бағыты ретінде бекітілген.

Конституция мәтінінде: «Әділетті Қазақстанды» құру, «Заң және Тәртіп» және «Таза Қазақстан» принциптерін енгізу концепцияларын бекітуге халық қолдау көрсетіп жатқаны мәлім.

Назар жауапкершілікке және патриотизм принциптеріне аударылған.

Әр мемлекеттің биік дамуы- елдің экономикасының биік деңгейде болуы , ғылыми негізделген болжамдарының қалыптасуы, инновациялардың әлемдік орындарымен берік ғылыми байланыстар нығаюы керек екені сөзсіз.

Әзірлемелерді енгізу - экономикалық тиімділікті және өнеркәсіптік қауіпсіздікті арттыруды қамтамасыз етеді.

Өзекті мәселе- отандық ғылымның тиімділігі, оның инвестициялық тартымдылығы, барлық үрдістердің ашықтығы мәлімділігін арттыру бойынша үлкен де, жауапты да жұмыс жүргізілуі.

Аймақтық ғылым және технологиялар кеңестерінің жұмысы маңызды екені айқын.

 Олар жергілікті деңгейде ғылыми-инновациялық дамуды басқарудың тиімді механизмі болуы керек және зияткерлік орталыққа айналуы тиіс.

Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың практикалық нәтижелері туралы баяндамалар көпшілікке ұсынылды.

Өнеркәсіп кәсіпорындары шамамен 150 млрд теңге инвестиция салып, 1,5 мыңнан астам жобаны жүзеге асырғаны аталды.

Ұлттық ғылым академиясының мүшелері ғылыми әзірлемелерді экономикаға енгізуді жеделдетуге бағытталған шараларды ұсынды. перспективалық міндет қалыптастырылып, бағдарлық қаржыландыру бағдарламалары үшін ғылыми-техникалық тапсырмалар әзірленгені анық. Сонымен қатар, жаңа төрт деңгейлі сәйкестендірілген басымдықтар жүйесіне көшуді және оны Жоғары ғылыми-техникалық комиссия алаңында бекіту ұсынылды. Бұл шешім стратегиялық мәселелерді шешуге және іргелі ғылымды қолдауға мүмкіндік береді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университети, Филология факультеті, Шет тілдері кафедрасы аға оқытушы Несипбаева Заурегуль Сагымбековна