- Басты бет
- Жаңалықтар
- "Ізгілік пен қайырымдылық – адамшылықтың өлшемі" атты тақырыпта ашық кураторлық сабақ
"Ізгілік пен қайырымдылық – адамшылықтың өлшемі" атты тақырыпта ашық кураторлық сабақ
Тақырыбы:«Ізгілік пен қайырымдылық – адамшылықтың өлшемі»
Өткізілген күні: 13.02.2026 ж.
Ұйымдастырушы: «Киберқауіпсіздік және криптология» кафедрасының оқытушысы Қуандыкова Дина және ақпараттық қауіпсіздік жүйелері мамандығының 3-курс студенттері
Шараның мақсаты:
Оқушыларға ізгілік, қайырымдылық ұғымдарының мәнін түсіндіру.
Адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіруге тәрбиелеу.
Жақсылық жасауға, мейірімді болуға баулу.
Шараның барысы:
Мұғалім ізгілік пен қайырымдылық ұғымдарының мағынасына тоқталып, олардың адам өміріндегі орны туралы түсіндірме жұмысын жүргізді. Ұлы ойшылдардың нақыл сөздері мен мақал-мәтелдер келтіріліп, олардың мағынасы талқыланды.
Негізгі бөлімде студенттер белсенді түрде қатысып, өз ойларын еркін жеткізді. Топтық жұмыс ұйымдастырылып, студенттер бірнеше топқа бөлінді. Әр топ берілген тақырып бойынша постер дайындап, қорғады. Тапсырмалар барысында студенттер шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, бірлесіп жұмыс жасау дағдыларын дамытты.
Қорытынды бөлім:
Шара соңында рефлексия жүргізілді. студенттер «Мен қандай жақсылық жасай аламын?» деген сұраққа жауап жазып, өз ойларын ортаға салды. Көпшілік студенттер ата-анасына көмектесу, достарына қолдау көрсету, үлкендерге құрмет көрсету, мұқтаж жандарға жәрдем беру сияқты игі істер жасауға ниет білдірді.
Нәтижесі:
· Студенттер ізгілік пен қайырымдылықтың маңызын түсінді;
· Адамгершілік құндылықтарға деген көзқарастары қалыптасты;
· Өзара ынтымақтастық пен сыйластық деңгейі артты;
· Белсенділік пен жауапкершілік қасиеттері байқалды.
Қорытындылай келе, өткізілген тәрбие сағаты өз мақсатына жетті. Студенттер шараға белсене қатысып, рухани құндылықтардың мәнін тереңірек ұғынды. Болашақта осындай тәрбиелік маңызы зор шараларды жалғастыру жоспарлануда.
