Ақын ескерткішіне тағзымFarabi University

Ақын ескерткішіне тағзым

9 ақпан, 2026

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойы Қазақстанның түкпір-түкпірінде аталып жатқаны мәлім. 2026 жылдың 9 ақпанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің студенттері Алматы қаласындағы ақынның ескерткішіне барып, ақиық ақынның рухына тағзым етті. Шараны филология факультетінің оқытушы-профессорлары С.Дәрібаев, С.Тілеубаев, Ш.Шортанбай, Е.Кәрібозовтардың ұйымдастырды. Тағылымды шараның басты мақсаты – ақын мұрасын ұлықтау, жастардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру және рухани құндылықтарды дәріптеу болды. Ескерткіш басында жастар ақынның жүрекке жететін өлеңдерін оқып, оның терең ойы мен сыршыл сезімін тағы бір мәрте сезінді. Студенттер ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, оның сөзіне жазылған ән айтылып, естелікке суретке түсті.

Жастар үшін бұл кездесу – тек өлең оқу ғана емес, рухани үндестік табу, ұлттық әдебиетке деген құрметін білдіру мүмкіндігі болды. Мұқағали жырлары уақыт өткен сайын маңызын жоғалтпай, керісінше жаңа буынның жүрегінен орын тауып келеді.