Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Философия және саясаттану факультеті, педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы 2026 жылдың 27 ақпанында Академик Т.Т.Тәжібаевтың туылғанына 116 жыл толуына арналған «Тұрақты дамуды қамтамасыз етудегі психологиялық-педагогикалық зерттеулер: болашағы және дәстүрлер сабақтастығы» тақырыбындағы халықаралық ғылыми конференцияға шақырады.
Конференция жұмысының негізгі тақырыптық бағыттары:
1. Педагогикалық және психологиялық білім беруді дамытудағы сабақтастық: дәстүрлі құндылықтар мен жаңашылдық
2. Жасанды интеллект және білім берудегі трансформация
3. Цифрлық дәуірдегі инклюзивті білім беру: тәжірибелер және тенденциялары
4. Тұрақты даму мақсаттары контексіндегі әлеуметтік ғылымдар
5. Маман даярлаудағы кәсіби білім беру жүйесінің отандық және әлемдік тәжірибесі
Конференцияға қатысу формасы: оффлайн, онлайн
Сілтеме: Уақыты: 27 февр. 2026 09:00 AM Астана, Алматы
Конференцияға Zoom арқылы қосылу:
https://us06web.zoom.us/j/84318710446?pwd=lS5SzNp1Tbekh7pyzwuxnrHdrXaEDQ.1
Конференция идентификаторы: 843 1871 0446
Қатысу коды: 223963.
Конференция жұмысының ресми тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Материалдарды рәсімдеу тәртібі
Мақала мәтіні (3-5 бет) 6.0 (7.0) мәтіндік WORD редакторында «Tіmes New Roman»
шрифтімен (шрифт өлшемі – 12, әр жол арасы – 1,0, барлық жағынан жол жиегі – 20 мм, азат жол – 1,25 см.) жазылуы тиіс.
Негізгі талаптар: Бастапқы жолдың ортасында бас әріппен, қалың қаріппен мақаланың тақырыбы, бір жолдан кейін автордың аты-жөні, келесі жолға мекеме, қала аты, автордың е-maіl адресі жазылады.
|
МАҚАЛАНЫҢ АТАУЫ
Әбдраманова Жанна Абылайқызы, п.ғ.к., доцент Абылда Нұрсұлтан студент Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Андатпа/Anotation Кілт сөздер/ Keywords. Кіріспе. / Introductions. Мәтін, мәтін, мәтін… Негізгі мазмұн. / Main content. Мәтін, мәтін, мәтін… Қорытынды/ Conclusion. Мәтін, мәтін, мәтін…
ӘДЕБИЕТТЕР: 1. Бузгалин А. Человек, рынок и капитал в экономике XXI века // Вопросы экономики. – 2025. – № 3. – С. 125-144. 2. Вайс М. Н. Диагностика состояния доречевого развития детей с ДЦП группы «Особый ребенок» [Электронный ресурс]. – Режим доступа: URL: http://logopedia.by/?p=2553. (12.01.2026) |
Өтінімдер мен мақалаларды ұсыну мерзімі: Ұйымдастыру комитетіне nurdolores@mail.ru электрондық поштасына 2026 жылдың 20 ақпанынан кешіктірмей жіберілуі қажет:
1) талаптарға сәйкес ресімделген мақала;
2) үлгіге сәйкес ресімделген қатысушының өтінімі;
3) төлем түбіртегі
Аталған талаптарға сәйкес келмейтін немесе белгіленген уақыттан кешіктірілген материалдар қаралмайды және авторға қайтарылмайды.
Жауапты: Жұмабекова Қырмызы 📞+7 777 328 28 86 (каспи: “конференция” деп жазу міндеттеледі). Жариялау құны: ақылы (мақала+сертификат 6000 теңге), сертификатсыз 5000 теңге.
Мақалалар kaznu univer жүйесі арқылы плагиатқа тексеріледі. Мақалада түпнұсқа мәтін кемінде 55%-ы (оригинальность) болуы керек. Мәтіннің түпнұсқалығын техникалық немесе басқа әділетсіз әдістермен арттыру жарияланымнан шеттетіледі.
Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: 050038, Алматы қ., Масанчи 39, Философия және саясаттану факультеті, педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы, 408 каб.
Байланыс телефоны:
📞+7 702 767 50 44 - Нургалиева Долорес Абилдаевна
📞+7 777 328 28 86 - Жумабекова Кырмызы Бакыткалиевна
ҚАТЫСУШЫНЫҢ ӨТІНІМІ
|
|
Автор 1 |
Автор 2 |
|
Автордың аты-жөні |
|
|
|
Дәрежесі (ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, лауазымы; студент, магистрант, докторант) |
|
|
|
Жұмыс (оқу) орны |
|
|
|
Байланыс телефоны |
|
|
|
|
|
|
|
Мақала атауы |
|
|
|
Секция атауы |
|
|
|
Мақала + Сертификат + жинақ (6000) |
электронды |
|
|
Мақала + жинақ (5000) |
электронды |
|
Басқа жаңалықтар