Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күніне арналған ғылыми іс-шара өттіFarabi University
Референдум 15 марта

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күніне арналған ғылыми іс-шара өтті

12 ақпан, 2026

2026 жылдың 12 ақпанында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасында Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күніне арналған салтанатты ғылыми іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты – әйел ғалымдардың ғылымды дамытудағы үлесін мойындау, жас зерттеушілерді қолдау және қыздар арасында ғылыми қызметке қызығушылықты арттыру. Шараға академиялық қоғамдастық, профессорлық-оқытушылық құрам, студенттер мен жас ғалымдар қатысты.

Ресми бөлім басталғанға дейін қонақтарды кіре берісте ұлттық киім киген имидж-топ қыздары қарсы алды, бұл қонақжайлылық атмосферасын қалыптастырып, мәдени дәстүрлерге құрметті көрсетті. Фойеде әйелдердің ғылымдағы рөліне арналған фотокөрме ұйымдастырылды.

Іс-шараның музыкалық сүйемелдеуі «Фараби сазы» студенттік ұлттық аспаптар оркестріне тиесілі болды. Олардың орындауында қазақтың дәстүрлі әуендері кешке ерекше мерекелік және ұлттық реңк берді.

Салтанатты бөлім «Қуыршақтағы құндылықтар» көрмесінің ашылу рәсімімен басталып, кейін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма Төрағасы – Ректор Жансеит Қансейітұлы Түймебаев құттықтау сөз сөйледі. Ол өз сөзінде университеттегі әйелдердің ғылымды дамытудағы үлесін атап өтіп, жас зерттеушілерді қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

 

Іс-шара естелік фотосессиямен және кампус-турмен қорытындыланды. Қонақтар Farabi Supercomputer Center, Қазақстан–Қытай бірлескен қашықтықтан зондтау технологиялары зертханасы, Farabi HUB және KUKA Robotics пен HUIBO Robotics робототехника орталықтарын аралады.

Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні – тек жетістіктерді атап өтетін сәт қана емес, сонымен қатар жаңа зерттеуші ұрпақты ғылым мен қоғамның болашағын қалыптастыруға шабыттандыру мүмкіндігі болды.