«Заң және студент: құқықтар, міндеттер және академиялық адалдық»
12 ақпан, 2026
Ақпараттық жүйелер кафедрасының ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, аға оқытушы Ж.Дүйсенбекқызы студенттердің құқықтары мен міндеттерін және академиялық адалдық тақырыбын талқылады. Сонымен қатар, Алматы қаласы полиция лейтенанты Пазил Айбатыр Бауржанұлы арнайы қонақ ретінде шақырылып, заң және құқық туралы өз ойымен бөлісті. Пазил Айбатыр 2024 жылы Ақпараттық жүйелер кафедрасының Ақпараттық қауіпсіздік жүйелер мамандығының түлегі екендігін мақтанышпен атап өтіп, жастарға құқықтық білімнің маңыздылығын түсіндірді. Бұл кездесуде студенттер құқықтық сауаттылықтарын арттырып, қоғамдағы заңның рөлі туралы түсініктерін қалыптастырды.
Басқа жаңалықтар
14 наурыз, 2026
14 наурыз, 2026
13 наурыз, 2026