- Басты бет
- Жаңалықтар
- Рухани-адамгершілік тәрбие және ТДМ 16 аясындағы театрға ұжымдық бару және кейінгі талқылау
Рухани-адамгершілік тәрбие және ТДМ 16 аясындағы театрға ұжымдық бару және кейінгі талқылау
12.02.2026 жылы факультеттің идеологиялық жоспарына сәйкес Түркітану және тіл теориясы кафедрасының эдвайзері Ақжигитова Арайлым , аға эдвазері Аширкулов Қанат 1-курс студенттерімен (6B01706 – «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы) театрға ұжымдық баруды ұйымдастырды. Студенттер Н.В. Гогольдің «Ревизор» пьесасы бойынша қойылған спектакльді тамашалады.

Қойылым мазмұнында қоғамдағы әділетсіздік, билікті асыра пайдалану, қызметтік жауапсыздық, жалған бедел мен сыбайлас жемқорлық мәселелері сатиралық тәсіл арқылы бейнеленді. Көркем шығармадағы оқиғалар студенттердің тарихи кезең мен қазіргі қоғамдық жағдай арасындағы ұқсастықтарды саралауына мүмкіндік берді. Бұл өз кезегінде жастардың әлеуметтік құбылыстарға сыни көзқарасын қалыптастыруға ықпал етті.
Қойылымнан кейін өткізілген талқылау барысында студенттер кейіпкерлердің моральдық таңдауларына талдау жасап, әділдік, ар-ождан, адалдық, жауапкершілік ұғымдарының маңызын ашып көрсетті. Пікір алмасу үдерісінде әр студент өз көзқарасын білдіріп, еркін ой айту мәдениетін дамытты. Диалог форматындағы талқылау толеранттылық пен өзара сыйластық қағидаларын іс жүзінде қолдануға мүмкіндік берді.
Аталған жұмыс студенттердің рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайтуға, қоғамдық белсенділігін арттыруға және құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталды. Сонымен қатар, болашақ маман ретінде адалдық пен кәсіби этиканы сақтау қажеттілігі ерекше атап өтілді.
Ұйымдастырушылар: Түркітану және тіл теориясы кафедрасының эдвайзері Ақжигитова Арайлым, , аға эдвазері Аширкулов Қанат, 6B01706 - «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы 1-курс студенттері.
Басқа жаңалықтар