Бұршақ дақылдары болашақ пен азық-түлік қауіпсіздігі үшін ресурс ретінде: БҰҰ ТДМ-2 шеңберіндегі ғылыми семинарFarabi University
Референдум 15 марта

Бұршақ дақылдары болашақ пен азық-түлік қауіпсіздігі үшін ресурс ретінде: БҰҰ ТДМ-2 шеңберіндегі ғылыми семинар

10 ақпан, 2026

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінің білім беру және ғылыми-ағарту жұмыстары аясында 2026 жылдың 10 ақпанында Молекулалық биология және генетика кафедрасында Дүниежүзілік бұршақ күніне арналған ғылыми семинар өтті. Семинар БҰҰ-ның 2-ші ТДМ «Аштықты тоқтату және азық-түлік қауіпсіздігіне қол жеткізу» аясында жүзеге асырылды.
Бірінші және үшінші курс студенттеріне арналған семинарды биология ғылымдарының докторы, профессор Ж.Ж. Чунетова жүргізді. Іс-шара барысында биология ғылымдарының докторы, профессор З.Г. Айташева және биология ғылымдарының докторы, доцент Б.А. Жұмабаева бұршақ тұқымдастардың сипаттамалары туралы бірегей білімдерімен бөлісіп, осы саладағы заманауи ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ұсынды.
Бұл іс-шара студенттердің ғылыми қызығушылығын дамытуға және қоғамның тұрақты дамуындағы маңызды факторлар ретінде азық-түлік қауіпсіздігі мен тұрақты ауыл шаруашылығын қамтамасыз етудегі бұршақ тұқымдастардың рөлін тереңірек түсінуге ықпал етті.