IT өнімдерін әзірлеу: идеядан монетизацияға дейін
IT өнімдерін әзірлеу: идеядан монетизацияға дейін
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінің Жасанды интеллект және Big Data кафедрасы «IT өнімдерін әзірлеу: идеядан монетизацияға дейін» тақырыбында ашық кездесу ұйымдастырады.
Іс-шара спикері — Thousand IT компаниясы мен Aqyl Battle жобасының негізін қалаушы Құлатай Айболат Айболұлы.
Кездесу барысында IT өнімді әзірлеудің негізгі кезеңдері қарастырылады: идеяны валидациялау, MVP жасау, бизнес-модель таңдау, монетизация стратегиялары және нарыққа шығу жолдары. Сонымен қатар, технологиялық жобаларды іске қосу бойынша практикалық тәжірибе ұсынылады.
Іс-шара студенттердің кәсіпкерлік құзыреттерін дамытуға және цифрлық инновациялар саласындағы практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Күні: 17 ақпан 2026 жыл
Уақыты: 15:00–16:00
Өтетін орны: Әл-Фараби даңғылы 71/23, №303 конференц-залы
Студенттер, магистранттар және докторанттар қатысуға шақырылады.
Ұйымдастырушы - Жасанды интеллект және Big Data кафедрасы.
Іс-шараға жауапты - Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының меңгеруші орынбасары Жания Базарбек.