Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының меңгерушісі, профессор Мансурова Мадина Есимхановна Ғылымдағы әйелдер күні аясында марапатталдыFarabi University

Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының меңгерушісі, профессор Мансурова Мадина Есимхановна Ғылымдағы әйелдер күні аясында марапатталды

13 ақпан, 2026

Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күніне арналған салтанатты іс-шара аясында Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор Мансурова Мадина Есимхановна «Ғылыми жобаны табысты жүзеге асырған жетекші» номинациясымен марапатталды.

Аталған марапат Мансурова Мадина Есимхановнаның ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға қосқан елеулі үлесін, ғылыми жобаларды табысты іске асыруын және жасанды интеллект пен деректерді талдау саласындағы зерттеу бастамаларын тиімді басқаруын айқындайды.

Мансурова Мадина Есимхановнаның жетекшілігімен цифрлық технологияларды дамытуға, университеттің ғылыми әлеуетін нығайтуға және жас зерттеушілерді даярлауға бағытталған өзекті ғылыми жобалар жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар, іс-шараға Жасанды интеллект және Big Data кафедрасы атынан ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары Сарсембаева Талшын жас ғалым ретінде қатысып, шақырылған қонақтардың қатарында болды.

Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының ұжымы Мансурова Мадина Есимхановнаны лайықты марапатымен құттықтай отырып, сондай-ақ Сарсембаева Талшынға ғылыми қызмет жолында табыс тілейді. Әріптестерімізге жаңа ғылыми жетістіктер, кәсіби биіктер және толағай табыстар тілейміз.