Молекулалық-генетикалық әдіс негізінде Қазақстанның оба табиғи ошақтарындағы айналымында жүрген Yersinia pestis патогенді микроорганизмнің генетикалық әртүрлілігін зерттеу және обаның зертханалық мониторингісін жетілдіруFarabi University
Референдум 15 марта

Молекулалық-генетикалық әдіс негізінде Қазақстанның оба табиғи ошақтарындағы айналымында жүрген Yersinia pestis патогенді микроорганизмнің генетикалық әртүрлілігін зерттеу және обаның зертханалық мониторингісін жетілдіру

9 ақпан, 2026

2026 жылғы 09 ақпанда сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің молекулалық биология және генетика кафедрасында «8D05104-Генетика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алуға ұсынылған Абделиев Бек Зиятовичтің «Молекулалық-генетикалық әдіс негізінде Қазақстанның оба табиғи ошақтарындағы айналымында жүрген Yersinia pestis патогенді микроорганизмнің генетикалық әртүрлілігін зерттеу және обаның зертханалық мониторингісін жетілдіру» тақырыбындағы диссертациялық жұмысының алдын-ала қорғауы өтті. Алдын ала қорғау барысында докторант диссертациялық жұмысының өзектілігін, мақсаты мен міндеттерін, зерттеу объектісі мен әдістерін, сондай-ақ алынған негізгі нәтижелерін баяндады. Кафедра оқытушы-профессор құрамы мен қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берілді, зерттеу жұмысының мазмұны бойынша пікірлер мен ұсыныстар айтылды

 

Молекулалық биология және генетика кафедрасы