«Digital Economy and Innovative Education» тақырыбындағы халықаралық дөңгелек үстелFarabi University
Референдум 15 марта

«Digital Economy and Innovative Education» тақырыбындағы халықаралық дөңгелек үстел

12 ақпан, 2026

«Digital Economy and Innovative Education» тақырыбындағы халықаралық дөңгелек үстелде AzerbaijanState University of Economics (UNEC) университетініңҚолданбалы экономика департаменті ұйымдастырғаніс-шара аясында цифрлық экономика мен креативтіиндустриялардың өзекті мәселелері талқыланды. Шараға10-нан астам елден келген өкілдер қатысып, бұлталқылаудың жоғары халықаралық деңгейін айқындады.

Дөңгелек үстел барысында Экономика және бизнес жоғарымектебі деканының орынбасары Нұрғазы Шыңғыс Әскербекұлы «The Role of Digital Technologies in Shapingthe Creative Economy» тақырыбында баяндама жасап, жаһандық трансформация жағдайында креативтіэкономиканың қалыптасуы мен дамуындағы цифрлықтехнологиялардың шешуші рөліне тоқталды.

Өз сөзінде баяндамашы цифрландыру, жасанды интеллект, үлкен деректер және платформалық шешімдер креативтіиндустриялардың негізгі өсу драйверлеріне айналыпотырғанын, олардың жаңа бизнес-модельдердің, мамандықтардың және жұмыспен қамтудың жаңаформаларының пайда болуына ықпал ететінін атап өтті. Сондай-ақ цифрлық технологиялар, адами капитал жәнеинновациялық кәсіпкерлік арасындағы өзара байланысқаерекше назар аударылды.

Баяндама халықаралық аудитория тарапынан үлкенқызығушылық тудырып, тұрақты экономикалық даму, цифрлық трансформация және креативті экономика болашағына арналған сараптамалық пікірталасқа маңыздыүлес қосты.