- Басты бет
- Жаңалықтар
- Биология және биотехнология факультетінің мерейі: «ЖОО үздік оқытушысы – 2025» иегерлерін шын жүректен құттықтаймыз!
Биология және биотехнология факультетінің мерейі: «ЖОО үздік оқытушысы – 2025» иегерлерін шын жүректен құттықтаймыз!
Биология және биотехнология факультетінде білім беру сапасын арттыруға, оқу үдерісін заманауи ұйымдастыруға және жас мамандарды кәсіби даярлауға елеулі үлес қосып жүрген әріптестеріміздің еңбегі жоғары бағаланды. Ғылыми-педагогикалық әлеуетті нығайтуға, студенттердің білім көкжиегін кеңейтуге және зерттеу мәдениетін дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижесінде бірқатар оқытушылар «ЖОО үздік оқытушысы – 2025» атағына ие болды.
Бұл жетістік - әрбір оқытушының жеке табысы ғана емес, бүкіл факультеттің ортақ мақтанышы. Нағыз оқытушы - тек дәріс оқушы емес, ол ғылыми ойлауды қалыптастыратын, практикалық және зертханалық сабақтарды ұйымдастыратын, далалық зерттеулер мен заманауи әдістерді пән мазмұнына енгізетін тәлімгер. Осындай жауапты әрі жасампаз еңбектері лайықты түрде мойындалды.
«ЖОО үздік оқытушысы – 2025» атағының иегерлері:
- Курманбаева Меруерт Сакеновна - биология және биотехнология факультетінің деканы, биология ғылымдарының докторы, профессор, ботаника және агроэкология кафедрасы;
- Нурмаханова Акмарал Садыковна - доцент-зерттеуші, ботаника және агроэкология кафедрасы;
- Тыныбеков Бекзат Макулбаевич - профессор-зерттеуші, ботаника және агроэкология кафедрасы;
- Тулеуханов Султан - профессор-зерттеуші, биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасы.
- Уалиева Перизат Серикказыевна - профессор, биотехнология кафедрасы;
- Болатхан Кенжегул - PhD, профессор м.а., биотехнология кафедрасы;
- Игнатова Людмила Викторовна - профессор, биотехнология кафедрасы;
- Нармуратова Мейрамкуль Худретовна - доцент-зерттеуші, биотехнология кафедрасы;
- Омирбекова Анель Адилевна - доцент, биотехнология кафедрасы;
- Смекенов Изат Темиргалиевич - аға оқытушы, молекулярлық биология және генетика кафедрасы;
.jpeg)
.jpeg)



.jpeg)



.jpeg)
.jpeg)
Қазіргі заманғы университет – тек білім беретін орын ғана емес, сонымен қатар ғылыми ойлау мәдениеті қалыптасатын, зерттеушілік этика мен студенттердің өз бетінше іздену дағдылары дамитын зияткерлік орта. Осы тұрғыда профессор-оқытушылар құрамының рөлі ерекше. Факультет оқытушылары іргелі ғылым мен тәжірибеге бағытталған оқытуды ұштастырып, пәнаралық байланыстарды дамытып, жобалық оқыту элементтерін кеңінен қолдануда. Студенттерді ғылыми жобаларға, конференцияларға, далалық зерттеулерге тарту арқылы олардың сыни ойлауын, зерттеу жүргізу қабілетін, академиялық жазу мәдениетін және командада жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, оқытушылар академиялық адалдық, жауапкершілік және ғылымға деген құрмет құндылықтарын насихаттап, студентке қолайлы әрі қолдау көрсететін білім беру ортасын қалыптастырады. Осындай жүйелі әрі мақсатты жұмыс түлектердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттырып қана қоймай, факультеттің ғылыми-білім беру кеңістігіндегі беделін нығайта түседі.
Құрметті әріптестер! Сіздерді осы биік жетістіктеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толассыз шабыт, шығармашылық серпін, жаңа жобалар мен тың бастамалар, жоғары оқу-әдістемелік нәтижелер тілейміз. Шәкірттеріңіздің жетістігі қуанышыңызды еселеп, еңбектеріңіз әрдайым еленіп, абырой-беделдеріңіз арта берсін!
Құтты болсын!
Басқа жаңалықтар