«Заң мен тәртіп» – құқықтық мәдениет негізіFarabi University

«Заң мен тәртіп» – құқықтық мәдениет негізі

12 ақпан, 2026

ТДМ-16 12 ақпан 2026 жылы ҚазҰУ, Журналистика факультеті, Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасында Медиакоммуникация мамандығының 1-курс студенттеріне арналған «Заң мен тәртіп» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын құрметтеу мәдениетін қалыптастыру және қоғамдағы тәртіп пен жауапкершіліктің маңызын түсіндіру болды.
Кездесу барысында заң үстемдігі, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ заң алдындағы жауапкершілік мәселелері жан-жақты қарастырылды. Студенттерге нақты өмірлік мысалдар ұсынылып, өзекті тақырыптар төңірегінде пікір алмасу ұйымдастырылды.
Тәрбие сағаты білім алушылардың құқықтық мәдениетін нығайтуға, азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және заңға құрмет сезімін арттыруға бағытталды.