ҚазҰУ-да «Қуыршақтағы құндылықтар» көрмесі ашылдыFarabi University

ҚазҰУ-да «Қуыршақтағы құндылықтар» көрмесі ашылды

16 ақпан, 2026

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Тұрақты даму мақсаттары аясында «Қуыршақтағы құндылықтар» көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Шара «Тұрақты елді мекендер мен қалалар» көрсеткішінің «Мәдени мұраны сақтау және есепке алу» бағытын жүзеге асыру мақсатында  қолға алынды.

Онда танымал суретші, кәсіпқой мүсінші, Ленинград қаласындағы И.Е.Репин атындағы көркемсурет академиясының түлегі Пернегүл Омарованың қуыршақтар коллекциясы     қойылды. Ол – Қазақстандағы «Ғасырлар бесігі» атты миниатюрлі мүсіндердің авторы мен құрушысы.

АҚШ, Франция, Финляндия, Италия, Германия, Канада, Жапония, Катар, Ресей елдеріне есімі жақсы таныс.

Тарихи-этнографиялық музейлік экспозиция қазақ халқының тарихи дамуын, тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін, мәдениеті мен дүниетанымын бейнелейді. Қазақ халқының әлеуметтік, мәдени және этникалық ерекшеліктерін кешенді түрде ашып көрсету мақсатын көздейді.

Көрмеде автордың 31 миниатюралық мүсіні жұртшылық назарына ұсынылды.  Қуыршақтардың әрқайсысы тек бір данада ғана жасалған.

Қолөнер туындыларының басым бөлігі әйел затының рухани әлемін бейнелейтін миниатюралық мүсіндерден тұрады. Онда ақылман әже, адал жар, ­нәзік ана, қамқор қарындас, батыр жауынгер қыз сияқты бейнелер топтастырылған.   

 

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі