«Үкіметтік емес ұйымдар – заңнамалық бастамаларды ілгерлетудің құралы»
«Алматы Азаматтық орталығында» «Үкіметтік емес ұйымдар – заңнамалық бастамаларды ілгерлетудің құралы» тақырыбында мазмұнды семинар өтті.
Семинар барысында қоғамдағы ҮЕҰ-ның негізгі функциялары, азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы өзара байланыс, қоғамдық бастамаларды заңнамалық деңгейге жеткізудің тиімді тетіктері жан-жақты талқыланды. Қатысушылар тәжірибе алмасып, азаматтық белсенділікті арттырудың заманауи бағыттарын қарастырды.
Іс-шараға:
- Алматы қаласы мәслихатының депутаты Алтынай Кобеева
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Қанат Алихан қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасты.
Мұндай кездесулер азаматтық қоғам институттарының әлеуетін нығайтып, қоғам мен мемлекет арасындағы тиімді диалогты дамытуға ықпал етеді.