Компьютерлік ғылымдар кафедрасының доцент-зерттеушісі Черикбаева Ляйля Шариповна 2025 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағымен марапатталдыFarabi University

Компьютерлік ғылымдар кафедрасының доцент-зерттеушісі Черикбаева Ляйля Шариповна 2025 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағымен марапатталды

16 ақпан, 2026

Компьютерлік ғылымдар кафедрасының доцент-зерттеушісі Черикбаева Ляйля Шариповна 2025 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына ие болды.

Бұл марапат Ляйля Шариповнаның білім беру мен ғылыми қызметті ұштастыра отырып, студенттердің кәсіби қалыптасуына қосқан үлесін және оқу үдерісін сапалы ұйымдастырудағы еңбегін айқындайды. Ол сабақтарын мазмұнды әрі түсінікті жүргізіп, білім алушылардың қызығушылығын арттырып, академиялық дамуына тұрақты қолдау көрсетіп келеді.

Ляйля Шариповнаны лайықты жетістігімен құттықтай отырып, шығармашылық шабыт, ғылыми табыстар және жаңа белестер тілейміз!