«Климаттың өзгеруі және оның адам өміріне әсері»
14.02.2026 күні Филология факультеті, Шетел филологиясы және Аударма ісі кафедрасының ұйымдастыруымен Шетел филологиясы мамандығының 1-курс докторанты Кайрова Д.О. және топ эдвайзері Аушенова А.С. “6B02303-Шетел филологиясы” мамандығының 2-курс студенттерімен «Климаттың өзгеруі және оның адам өміріне әсері» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өтті. Сабақтың мақсаты – студенттердің экологиялық санасын қалыптастыру, климаттың өзгеру себептері мен салдарын түсіндіру және оның адам өміріне тигізетін әлеуметтік, экономикалық және денсаулыққа байланысты әсерлері туралы білімдерін кеңейту.
.jpeg)
Ашық тәрбие сағаты интерактивті форматта ұйымдастырылып, оған 10 студент қатысты. Сабақ барысында климаттың өзгеруінің негізгі себептері (өнеркәсіптік шығарындылар, көлік құралдарының әсері, орманның кесілуі, қоршаған ортаның ластануы) мен оның салдары (жаһандық жылыну, табиғи апаттардың көбеюі, су және азық-түлік тапшылығы) жан-жақты талқыланды.
.jpeg)
Практикалық бөлімде студенттер климат өзгерісінің адам өміріне әсерін талдап, себеп пен салдарды ажырату тапсырмаларын орындады, сондай-ақ өз көзқарастарын білдіріп, болашақта экологиялық жауапкершілікті арттыру жолдары туралы ұсыныстар жасады. Сабақ барысында студенттер қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсініп, климаттың өзгеруі мәселесіне бейжай қарамау қажеттігін ұғынды. Ашық тәрбие сағаты жоспарланған деңгейде өтіп, қойылған мақсаттарға қол жеткізілді.
https://drive.google.com/file/d/1fdGYlHsPH-c_fIxJWqE-9xq2k7uCTxxS/view?usp=drive_link
Басқа жаңалықтар