Инклюзивті білім беру: баршаға тең мүмкіндіктерFarabi University

Инклюзивті білім беру: баршаға тең мүмкіндіктер

10 ақпан, 2026

2026 жылғы 10 ақпанда ОЗТҚП ХжТ кафедрасының оқытушылары - доценттер Уркимбаева П.И., Рахметуллаева Р.К., Токтабаева А.К., Кенесова З.А., аға оқытушылар Махаева Д.Н. және Аликулов А.Ж. - 2-4 курс студенттерімен «Инклюзивті білім беру: баршаға тең мүмкіндіктер» тақырыбында іс-шара өткізді.

Спикерлер ретінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «Инклюзивті орта» орталығының тәрбие жұмысы бойынша мамандары Сайлауов Асет, Рахимова Аделияханым және Турлыкожа Темирлан сөз сөйледі.

Іс-шара барысында спикерлер студенттерге инклюзияның мәнін түсіндіріп, инклюзия тек денсаулық жағдайына байланысты шектеулермен ғана байланысты емес екенін атап өтті. Инклюзия – әр адамға қатысты ұғым, өйткені өмірдің әр кезеңінде кез келген адам осал жағдайға тап болуы мүмкін.

Студенттердің ерекше қызығушылығын біріктіруші ойындар мен интерактивті тапсырмалар тудырды. Олар өзара қолдау, құрмет және тең мүмкіндіктердің маңызын тереңірек түсінуге ықпал етті.

🌍 Аталған іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын іске асырумен тікелей байланысты:  ТДМ 4 - Сапалы білім (инклюзивті және әділ білім беруді қамтамасыз ету); ТДМ 10 - Теңсіздікті азайту (баршаға тең мүмкіндіктер жасау); ТДМ 16 - Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар (құрмет пен төзімділік мәдениетін қалыптастыру).

Университетте инклюзивті ортаны қалыптастыру - әділетті әрі тұрақты қоғам құру жолындағы маңызды қадам екеніне сенімдіміз.