«Қазіргі қоғамда гендерлік рөлдер қалай өзгеріп жатыр» тақырыбындағы пікірталасFarabi University

«Қазіргі қоғамда гендерлік рөлдер қалай өзгеріп жатыр» тақырыбындағы пікірталас

16 ақпан, 2026

2026 жылғы 16 ақпанда сағат 15:00-де GOOGLE MEET онлайн-платформасында «ТДМ 5. Гендерлік теңдік» тұрақты даму мақсаты аясында «Қазіргі қоғамда гендерлік рөлдер қалай өзгеріп жатыр» тақырыбында пікірталас өткізілді.

          Іс-шараны Филология факультеті шетел тілдері кафедрасының аға оқытушылары Мырзабаева А.Ж., Карабаева Б.Н., Кайракбаева Г.С.

ұйымдастырды. Пікірталасқа География және табиғатты пайдалану факультетінің 1 курс студенттері, атап айтқанда «Туризм», «Мейрамхана ісі және мейрамхана бизнесі», «Кадастр» білім беру бағдарламаларының білім алушылары, сондай-ақ университет оқытушылары мен студенттері қатысты.

 

          Іс-шара халықаралық сипатта өтті. Пікірталасқа шетелдік студенттер де қатысты: С. Азатбек (National University of Uzbekistan, Республика Узбекистан), Temuulen Sarnai (The National University of Mongolia (NUM), Улан-Батор, Монголия), Wan Lin (Shenzhen University, Шэньчжэнь, Қытай Халық Республикасы), Hult International Business School өкілі (Дубай, БАӘ).

 

          Пікірталас барысында гендерлік стереотиптердің өзгеруі, еңбек нарығындағы тең мүмкіндіктер, отбасы институтындағы рөлдердің қайта бөлінуі, білім беру мен медиа кеңістігіндегі гендерлік саясат мәселелері қарастырылды. Студенттер осы тақырыптар бойынша    сұрақтар қойып, өз ойларын білдіріп, пікірталасқа белсенді қатысты. 

         Іс-шара жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті және ТДМ 5 «Гендерлік теңдік» мақсатын насихаттауға үлес қосты.

Ұйымдастырушылар: Филология факультеті шетел тілдері кафедрасының аға оқытушылары Мырзабаева А.Ж., Карабаева Б.Н., Кайракбаева Г.С.

Видео материалдарға сілтеме:

https://drive.google.com/file/d/1q1H5qkjMJnn9GUBbnDbBQJyfBkRWhZAo/view?usp=drivesdk