- Басты бет
- Жаңалықтар
- 17 ақпан күні докторанттың педагогикалық практикасы аясында музейге экскурсия ұйымдастырылды
17 ақпан күні докторанттың педагогикалық практикасы аясында музейге экскурсия ұйымдастырылды
2026 жылғы 17 ақпан күні докторант Абильдаева Лаура Оракбаевнаның педагогикалық практикасы аясында 1 курс 6B02213 – «Музеология және тарихи-мәдени туризм» білім беру бағдарламасының студенттері үшін Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі-не танымдық-тәжірибелік экскурсия ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, музей ісінің теориялық негіздерін тәжірибемен ұштастыру және тарихи-мәдени мұраны зерделеу дағдыларын қалыптастыру болды.
Экскурсия барысында білім алушылар музей экспозициясының құрылымымен, қор сақтау және көрме ұйымдастыру ерекшеліктерімен танысты. Сонымен қатар, қазақ бейнелеу өнерінің даму кезеңдері мен көрнекті суретшілердің шығармашылық мұрасы туралы мазмұнды ақпарат алды. Студенттер экскурсия жүргізу әдістемесіне, экспонаттарды ғылыми сипаттау мен таныстыру тәсілдеріне ерекше назар аударды.
Аталған іс-шара болашақ музеологтар мен тарихи-мәдени туризм саласының мамандары үшін кәсіби тәжірибе алмасудың маңызды алаңына айналды. Теориялық білімді практикамен ұштастыру студенттердің мамандыққа деген қызығушылығын арттырып, кәсіби бағыт-бағдарын нығайта түсті.
Экскурсия соңында студенттер алған әсерлерімен бөлісіп, музей қызметінің маңыздылығы жөнінде пікір алмасты. Мұндай тәжірибелік сабақтар білім алушылардың танымдық белсенділігін арттырып, ұлттық мәдени мұраны насихаттауға деген жауапкершілігін күшейтеді.