«Заң мен тәртіп: Құқық пен мендет теңдігі » атты кездесуFarabi University
Референдум 15 марта

«Заң мен тәртіп: Құқық пен мендет теңдігі » атты кездесу

16 ақпан, 2026

2026 жылғы 16 ақпанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті-нің №14 Студенттер үйінің акт залында «Заң мен тәртіп: Құқық пен міндет теңдігі» тақырыбында маңызды кездесу өтті. Аталған іс-шара студент жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, олардың құқықтары мен міндеттерінің өзара байланысын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды.

Жиын Студенттер қалашығы мамандарының ұйымдастыруымен өтіп, оған факультеттердің декандарының тәрбие жөніндегі орынбасарлары, сондай-ақ ішкі бақылау қызметкерлері қатысты. Кездесу барысында студенттер үйлеріндегі ішкі тәртіп ережелері, тазалық сақтау мәселелері және ортақ мүлікке жауапкершілікпен қарау тақырыптары кеңінен талқыланды.

Атап айтқанда, студенттер үйіне кешігіп келу жағдайлары, асханалардың санитарлық жағдайы, сондай-ақ жатақханаға кіріп-шығу тәртібі басты назарға алынды. Қатысушылар тәртіп пен жауапкершілік – жай ғана талап емес, әрбір студенттің қауіпсіздігі мен жайлы тұрмысын қамтамасыз ететін маңызды қағида екенін атап өтті.

Кездесу барысында студенттердің ұсыныс-пікірлері тыңдалып, өзекті мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мұндай басқосулар студенттер арасында құқықтық сауаттылықты арттырып қана қоймай, тәртіп пен жауапкершілік мәдениетін нығайтуға ықпал етеді.