«Аюсай» визит-орталығында жастардың заңгер-сарапшымен Open-talk форматындағы ашық кездесуі өттіFarabi University

«Аюсай» визит-орталығында жастардың заңгер-сарапшымен Open-talk форматындағы ашық кездесуі өтті

17 ақпан, 2026

Бүгін Алматы қаласындағы «Аюсай» визит-орталығында жастардың заңгер-сарапшымен Open-talk форматындағы ашық кездесуі өтті. Аталған кездесуге Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің деканы Ахатов У.А. қатысты.

Кездесу барысында қатысушыларға саяси жүйені одан әрі демократияландыруға, әділеттілік пен заң үстемдігін нығайтуға, сондай-ақ азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысу мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған конституциялық реформаның негізгі бағыттары түсіндірілді.

Студенттер өзекті сұрақтарына жауап алып, Әділетті әрі Прогрессивті Қазақстан құруға бағытталған бастамаларды қолдауға дайын екендіктерін білдірді.