«Қаржылық тұрақтылыққа қадам: шағын әрекеттердің күші» (ЦУР 1 — Кедейлікті жою)Farabi University
Референдум 15 марта

«Қаржылық тұрақтылыққа қадам: шағын әрекеттердің күші» (ЦУР 1 — Кедейлікті жою)

18 ақпан, 2026

2026 жылдың 16 ақпанында «Физика және астрономия» мамандығының 1-курс студенттері үшін «Қаржылық мақсатқа жету: шағын қадамдар стратегиясы» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Іс-шара барысында студенттерге қаржылық мақсаттардың түрлері (қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді), оларды дұрыс қою жолдары және мақсатқа жетудегі шағын, бірақ тұрақты қадамдардың маңызы жан-жақты түсіндірілді. Куратор күнделікті шығындарды тиімді жоспарлау, табыс пен шығыс арасындағы тепе-теңдікті сақтау, жеке бюджет құру, жинақ жасаудың қарапайым әрі қолжетімді тәсілдері және қаржылық тәртіптің болашақ өмірдегі, соның ішінде кәсіби және әлеуметтік тұрақтылықтағы рөлі туралы нақты мысалдар келтірді. Сонымен қатар қаржылық шешім қабылдауда сабырлылық пен жүйеліліктің маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Студенттер өздерінің жеке қаржылық мақсаттары туралы ой бөлісіп, қаржыға қатысты кездесетін қиындықтар мен оларды шешудің мүмкін жолдарын талқылады. Пікір алмасу барысында білім алушылар шағын қадамдар арқылы үлкен нәтижелерге жетуге болатынын түсініп, қаржылық жауапкершілік пен саналы жоспарлаудың маңызын атап өтті. Іс-шара студенттердің белсенді қатысуымен өтіп, олардың қызығушылығын арттырып, қаржылық сауаттылыққа деген оң көзқарасын қалыптастырды.