Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (БНҚ) және коммерцияландыру жобаларының көрмесіFarabi University
Референдум 15 марта

Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (БНҚ) және коммерцияландыру жобаларының көрмесі

16 ақпан, 2026

Плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика (ФПН және КФ) кафедрасының доцент-зерттеушісі Оразбаев Сағи Амзеевич және «ҰННЛОТ» ҒЗИ директоры Муратов Мұхит Мухаметнурович 12–13 ақпан күндері «Жоғары білім және ғылым: цифрландыру және жасанды интеллект жылы» тақырыбындағы кеңейтілген алқа отырысы аясында БНҚ және коммерцияландыру жобаларының көрмесінде BR 21882187 «Энергияны түрлендіру және сақтау үшін химиялық және электрохимиялық құрылғыларға арналған жаңа наноматериалдар мен технологияларды әзірлеу» жобасын (жоба жетекшісі PhD, доцент Оразбаев С.А.) таныстырды. Аталған жоба әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жүзеге асырылуда.