Жастардың бойында отансүйгіштік рухын қалыптастыру
22 қаңтар, 2026
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінде 2-курс студенттері үшін «Қазақстан – менің Отаным» атты ашық кураторлық сағат өтті. Іс-шараны куратор Зульбухарова Эльмира Мукановна өткізді. Кураторлық сағат барысында студенттер Қазақстанның тарихы, мәдениеті мен ұлттық құндылықтары туралы ой бөлісіп, отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершілік тақырыптарын талқылады. Мұндай тәрбиелік іс-шаралар жастардың елге деген сүйіспеншілігін арттырып, рухани дамуына оң ықпал етеді.
Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ):
-
ТДМ 4 (Сапалы білім беру): Болашақ мамандарды адамгершілік пен патриотизм рухында тәрбиелеу.
-
ТДМ 16 (Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар): Қоғамдық бірлік пен мемлекеттік бірегейлікті нығайту.
Басқа жаңалықтар
10 наурыз, 2026
10 наурыз, 2026