Әл-Фарабидің философиялық трактаттарын талқылау
«Әл-Фарабидің философиялық трактаттарын талқылау» атты дөңгелек үстел ашық пікір алмасу форматында баяндамашылар Әл-Фарабидің ғылым мен философияны жүйелеудегі рөліне тоқталды. Оның «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» еңбегінде ізгілікті қоғам құру идеясы кеңінен баяндалады. Ғалым адам бақытқа жету үшін білім мен тәрбиенің маңыздылығын ерекше атап өткен.
Сонымен қатар, оның логика, метафизика, этика және саясат философиясы салаларындағы еңбектері ортағасырлық шығыс пен батыс ойшылдарына зор ықпал еткені айтылды. Әл-Фараби Аристотель еңбектеріне түсіндірме жасап, философияны терең талдағаны үшін «Екінші ұстаз» атанған.
Қатысушылар келесі еңбектерге ерекше назар аударды:
- «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат»
- «Ғылымдар классификациясы»
- «Бақытқа жету туралы»
- Логикаға арналған трактаттары
Бұл еңбектерінде ойшыл адам болмысы, қоғам, мемлекет, ізгілік, білім және парасат мәселелерін қарастырған. Ғалым философияны адамзаттың рухани кемелденуінің негізі ретінде түсіндіреді.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар төмендегідей ұсыныстар айтты:
- Әл-Фараби еңбектерін қазіргі білім беру бағдарламаларына кеңінен енгізу;
- Философиялық трактаттарын жастар арасында насихаттау;
- Ғалым мұрасын зерттеуге арналған ғылыми жобаларды көбейту;
- Арнайы семинарлар мен конференциялар ұйымдастыру.
Қатысушылар Әл-Фарабидің философиялық трактаттарының тарихи маңызын ғана емес, олардың бүгінгі қоғам үшін де өзектілігін атап өтті. Ұлы ойшылдың идеялары қазіргі заманғы рухани жаңғыру үдерісімен үндесетіні айтылды.
Іс-шара келесі мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған:
-
ТДМ 4 (Сапалы білім): Әл-Фарабидің ғылыми мұрасын зерделеу арқылы студенттердің интеллектуалдық әлеуетін көтеру және өмір бойы білім алу құндылықтарын насихаттау.
-
ТДМ 16 (Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар): «Қайырымды қала» тұжырымдамасы негізінде әділеттілік, этика және парасатты басқару принциптерін талқылау.
-
ТДМ 17 (Мақсаттар жолындағы серіктестік): Академиялық ортада білім мен тәжірибе алмасу үшін ғылыми диалог алаңын дамыту.