Қаржылық алаяқтықтан сақтану жолдары
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультетінде "Қаржылық алаяқтықтан сақтану жолдары " атты дөңгелек үстелі болып өтті. Дөңгелек үстелге жылуфизика және техникалық физика кафедрасының оқытушылары, магистранттар және стандарттау және сертификаттау білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері қатысты.
Іс шараны 3-ші курс студенті Қайраш Жансая дайындаған баяндамасынан бастады. Қазіргі таңда қаржылық алаяқтық – бүкіл әлемде кең таралған қылмыстардың бірі. Алаяқтар адамдарды алдап, олардың ақшасын, банк картасының деректерін немесе жеке мәліметтерін заңсыз иемденеді. Сондықтан әрбір адам қаржылық қауіпсіздік ережелерін білуі тиіс. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және т.б. құзырлы ұйымдар үнемі ескерту жасап отырады.
Баяндама барысында осы қаржылай алаяқтық түрлері, олардын салдары және олардан сақтану жолдары қарастырылды. Қаржылық алаяқтық – қауіпті қылмыс. Одан сақтану үшін әр адам сақ және мұқият болуы қажет. Жеке мәліметтерді қорғау – қаржылық қауіпсіздіктің ең маңызды бөлігі. Егер күмәнді жағдай болса, дереу банкке немесе құқық қорғау органдарына хабарлау керек. Баяндамада Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізі басымдықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу екендігіне тоқталып, оның қоғамға тигізетін залалын жан-жақты қарастырып өтті.
Ic-шара барысында, стандарттау және сертификаттау мамандығының 3-курс студенттері топтарға бөлініп, осы тақырып аясында арнайы дайындалған слайдтарын баяндап, пікір –сайысқа қатыстып, өз ойларымен бөлісті.
Қорыта келгенде, дөңгелек үстелдің мақсаты - өскелең ұрпаққа қаржылық алаяқтықтан сақтану туралы ақпаратты дұрыс жеткізу - олардың қаржылық сауаттылық мәдениетінің қалыптасуына, өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғынып, жете түсінуіне және орындауына көмектесу болып табылады.
Бұл іс-шара келесі мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған:
-
ТДМ 4 (Сапалы білім): Студенттердің қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы заманауи талаптарға сай білім беру.
-
ТДМ 16 (Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар): Қаржылық қылмыстардың алдын алу және қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыру арқылы қауіпсіз орта құруға үлес қосу.
Топ эдвайзер: Байжұманов Қ.Д.
Басқа жаңалықтар