Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, физика-техникалық факультеті, жылуфизика және техникалық физика кафедрасының доцент м.а. Байжұма Жандос Ескендірұлы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2025» республикалық байқауының жеңімпазы атанды.
Бұл беделді марапат оқытушының жоғары кәсіби шеберлігін, ғылыми-зерттеу қызметіндегі жетістіктерін және білім беру үдерісіне заманауи технологияларды енгізудегі еңбегін айғақтайды. Жеңімпазды осынау биік жетістігімен құттықтаймыз және алдағы уақытта да отандық ғылым мен білімді дамыту жолында толағай табыстар, шығармашылық шабыт пен жаңа ғылыми белестер тілейміз.
Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) үлесі:
·
- ТДМ 4 (Сапалы білім): Техникалық физика саласында жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.
- ТДМ 7 (Арзан әрі таза энергия): Энергетика саласындағы инновациялық шешімдер мен энергия тиімділігін арттыруға бағытталған ғылыми зерттеулер.