Ғылым мен білімнің биік белесі: Қ. Сәтбаев атындағы сыйлықтың лауреаттары
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті физика-техникалық факультеті, жылуфизика және техникалық физика кафедрасының профессоры, PhD Алімжанова Мереке Бауржановна мен PhD Мамедова Мадина Русланқызы Қазақстан ғылымының ең жоғары марапаттарының бірі — академик Қаныш Сәтбаев атындағы сыйлықтың иегерлері атанды.
Бұл марапат ғалымдардың іргелі зерттеулеріне, оның ішінде аналитикалық химия және қоршаған ортаны қорғау саласындағы озық әзірлемелеріне, сондай-ақ отандық ғылымды халықаралық деңгейде насихаттауға қосқан зор үлестеріне берілген лайықты баға. Ғалымдардың бірлескен табысы заманауи ғылыми мектептің сабақтастығы мен жоғары интеллектуалдық әлеуетін айқын көрсетеді.
Жеңімпаздарды осынау биік жетістігімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да жаңа ғылыми белестерді бағындыруға, шығармашылық табыс пен амандық тілейміз.
🌍 Тұрақты Даму Мақсаттарына (ТДМ) үлесі:
-
ТДМ 4 (Сапалы білім): Жоғары білікті PhD докторлары мен жас зерттеушілерді даярлау арқылы университеттегі ғылыми мектептің тұрақты дамуын қамтамасыз ету.
-
ТДМ 9 (Индустрияландыру, инновация және инфрақұрылым): Озық талдау әдістерін жасау арқылы ғылыми-технологиялық инфрақұрылымды нығайту және оны өндіріске енгізу.
-
ТДМ 17 (Мақсаттар жолындағы серіктестік): Халықаралық ғылыми қауымдастықпен тығыз байланыс орнату және Қазақстан ғылымының жаһандық беделін арттыру.