ҚазҰУ-да биология және биотехнология факультетінде Тұрақты даму мақсаты ТДМ 2 «Азық-түлік қауіпсіздігі және экологиялық таза өнімдер» негізінде "Биомедицина" мамандығының 1 курс студенттеріне оқыту семинарын өткіздіFarabi University
Референдум 15 марта

ҚазҰУ-да биология және биотехнология факультетінде Тұрақты даму мақсаты ТДМ 2 «Азық-түлік қауіпсіздігі және экологиялық таза өнімдер» негізінде "Биомедицина" мамандығының 1 курс студенттеріне оқыту семинарын өткізді

19 ақпан, 2026

2026 жылдың 19 ақпанында  "Биомедицина" мамандығының 1 курс студенттеріне «Азық-түлік қауіпсіздігі және экологиялық таза өнімдер: биомедициналық объектив арқылы қарау» тақырыбындағы оқыту семинары өтті.

Семинар барысында азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі тек агрономиялық немесе экономикалық тұрғыдан емес, заманауи "One Health" (Бірыңғай денсаулық) тұжырымдамасы аясында терең талқыланды. Бұл тәсіл адам денсаулығының жануарлар мен қоршаған ортаның күйіне тікелей тәуелді екенін көрсетеді.

Семинар қатысушылары азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету — бұл тек аштықпен күрес емес, сапалы тамақтану арқылы ұлттық денсаулықты нығайту және болашақ ұрпақтың өмір сүру сапасын арттыру екенін түсінді. Оқыту үшін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті. Жаратылыстану факультеті. Биология кафедрасынан биология ғылымдарының кандидаты Арыстанова Гулжихан Амангелдіқызы спикер ретінде шақырылды.  

   

Ол азық — түлік қауіпсіздігі тек агрономия ғана емес, сонымен қатар "One Health" (бірыңғай денсаулық) мәселелері екенін көрсетіп, тағамның сапасы микробиомаға, иммунитетке және жұқпалы емес аурулардың (семіздік, қант диабеті, онкология) даму қаупіне тікелей әсер ететін жан-жақты  көрсетті. Студенттер ұсынылған презентацияны талқылауға белсенді қатысты, үнемі сұрақтар қойып, спикердің сұрақтарына өздері жауап берді, Кейс тапсырмаларға қатысты.

                               Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының доценті, куратор-эдвайзер  Басыгараев Ж.М.