2026 жылдың 19 ақпанында студенттермен бірге Ғ. Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына барып, «Баянсыз бақ» спектаклін тамашаладық. Қойылымда отбасы құндылықтары, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, өмірдің мәні мен адамгершілік мәселелері терең көрініс тапты. Спектакль студенттерге үлкен ой салып, өмірлік таңдаулар мен жауапкершілік туралы көзқарастарын кеңейту мүмкіндік берді. Театрдағы көркем образдар мен сахналық шешімдер арқылы жастар рухани-адамгершілік құндылықтардың маңызын анық көруге мүмкіндік алды.
Бұл мәдени іс-шара Тұрақты даму мақсаттарымен де үндеседі. Атап айтқанда, 4-мақсат – Сапалы білім беру (бейресми білім беру және мәдени-ағартушылық даму), 3-мақсат – Салауатты өмір салты және әл-ауқат (психологиялық және рухани саулықты нығайту), 16-мақсат – Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар (қоғамдағы әділдік пен жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру).
Театрға бару – тек мәдени демалыс емес, ол тұлғалық дамудың, сыни ойлау мен эмоционалды интеллектті жетілдірудің маңызды қадамы.
Ұйымдастырушылар: Кулиев И.О., Даулиева Г.Р., Андабаева Г.К., Иляшова Г.К., Кожекенова А.М.
Басқа жаңалықтар