20.02.2026 жылы әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінде ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің бастамасымен «Заң мен Тәртіп» идеологияасын жүзеге асыру мақсатында факультеттің 2 және 3 курс студентеріне «Киберкеңістіктегі буллинг» тақырыбында кәмелетке толған тұлғалармен жасалатын және оларға қатысты жасалған қылмыстық құқықбұзушылықтарды болдырмау тақырыбында профилактикалық іс-шара (қонақ дәрісі) өткізілді.
Осы оқу-семинардың басты мақсаты:
жасөспірімдердің болашақтарың сақтау,
заңды дұрыс түсінуге үйрету,
өзің және өзгелерді қорғай білуге шақыру,
жауапкершілік пен құрмет мәдениетін қалыптастыру.
Іс-шарада студенттер арасында орын алатын кибербуллинг, дропер, есірткі затың тасымалдау және т.б. қылмыстар туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, қызығушылық танытқан студенттер тарапынан сұрақтар қойылды.
Іс-шараға ҚР Бас прокуратурасының ҚСжАЕАЖ Комитеттің Алматы қаласы бойынша департаментінен аға прокурор Тулеубаев Ғ.Т. және прокурорлар Асқар Дин-Мухамед Жандосұлы, Бірлік Д.С., Мұратхан Шоқан – ақын, философ, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық Түріксой ұйымы Бас хатшысының кеңесшісі және Алматы қ. Парасат заң палатасының заңгері Шонақын Ж.Ә. қатысты.
qamqor.gov.kz




Басқа жаңалықтар