"Есеп және аудит" ББ 1 курс докторанты Дани Сугиридің педагогикалық практикасыFarabi University
Референдум 15 марта

"Есеп және аудит" ББ 1 курс докторанты Дани Сугиридің педагогикалық практикасы

20 ақпан, 2026

«Есеп және аудит» ББ 1 курс докторанты Дани Сугири педагогикалық практика аясында «Accounting» пәні бойынша «Есеп және аудит», «Қаржы», «Экономика», «Менеджмент» мамандықтарының ағылшын бөлімінде оқитын 2 курс студенттеріне дәріс өткізді. Дәрістің тақырыбы: “The accounting cycle”.

Аталған тақырып аясында докторант келесі мәселелерді қарастырды: сегіз кезеңдік құрылымы, тіркеу кезеңі, есептеудің есептеу әдісі және кассалық әдісі, түзету жазбалары, түзетілген сынақ балансы, қаржылық есептілік, сондай-ақ талқылау жүргізілді.

Дәріс соңында қорытынды жасалып, студенттердің сұрақтарына жауап беріліп, пікір алмасу ұйымдастырылды. Дәріс жоғары кәсіби деңгейде өтті, аудиториямен тиімді кері байланыс орнатылды, докторант өзінің жоғары кәсібилігін көрсетті.

PhD ғылыми кеңесшісі, Қаржы және есеп кафедрасының доцент-зерттеушісі О. Ю. Когут