Ұлттық мәдениетке баулу: "Қаржы" ББ студенттері Ғ. Мүсірепов атындағы театрға бардыFarabi University
Референдум 15 марта

Ұлттық мәдениетке баулу: "Қаржы" ББ студенттері Ғ. Мүсірепов атындағы театрға барды

19 ақпан, 2026

2026 жылғы 19 ақпанда БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру аясында, атап айтқанда ТДМ №4 «Сапалы білім» және ТДМ №11 «Тұрақты қалалар мен елді мекендер» шеңберінде «Қаржы» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына барды.

Куратор Кыздарбекова А.С.-ның жетекшілігімен студенттер «Баянсыз бақ» спектаклін тамашалады. Қойылымда отбасы құндылықтары, ұрпақтар сабақтастығы және адамгершілік таңдау мәселелері терең қарастырылған. Спектакль студенттерді өз шешімдері үшін жауапкершілік және өмірлік дұрыс бағыттарды таңдау туралы ойлануға жетеледі.

Осындай іс-шаралар жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруға, студенттердің дүниетанымын кеңейтуге, сондай-ақ ұлттық өнер мен мәдениетке деген құрметін арттыруға ықпал етеді.